«Омоним, синоним, антонимдерді қайталау» 5 сынып сабақ жоспары.
Международные дистанционные “ШКОЛЬНЫЕ ИНФОКОНКУРСЫ”
для дошкольников и учеников 1–11 классов
Оргвзнос: от 15 руб.
Идет приём заявок
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Омоним, синоним, антонимдерді қайталау
Іс- әрекет, мақсатқа жету әдіс- тәсілдерін таңдай білуге, өзін- өзі бағалай білуге тәрбиелеу;
Оқушының пәнге қызығышылығын арттыру, білім деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру;
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар арқылы омоним, синоним, антоним сөздер туралы түсініктерін байқау, біліктілік деңгейлерін байқау.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: қайталау, дамыта оқыту, тест, сұрақ- жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, кестелер, бағалау парақтары
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау. Оқушыларды екі топқа бөлу.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы
Сабақтың жүру барысы :
«Кім тапқыр?» ойыны
«Сөзден сөйлем» ойыны
ІІ. «Сиқырлы сұрақтар» ойыны
Топтар кезек- кезек сұрақтарға жауап береді
Лексика нені зерттейді?
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Ауыспалы мағына дегеніміз не?
Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Омоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Антоним сөздерге мысал
Синоним сөздерге мысал айт.
Омоним сөздерге мысал келтіріңдер.
Көп мағыналы сөздерге мысал жазыңдар.
ІІІ. “Кім тапқыр” ойыны
Ойынның шарты: жұмбақтар шешу.
Ерте тұрады бір қыз,
Кеш тұрады бір қыз.
Бір жансызға мінгеседі,
Үстінде ақ тақырдың із кеседі.
Оңға қарай оқысаң да бір халық,
Солға қарай оқысаң да бір халық .
Асты тігілген, үсті тігілген.
ІҮ. “Жасырынған сөздер”
Мына бос торкөздерге тиісті сөздерді қойсаңыздар, “Аяз би” ертегісінен үзінді оқи аласыздар.
Тапсырма: Үзіндінің ішінен антоним сөздерді табу.
. мен . татқан білер,
. пен . жортқан білер.
. адам жала жауып аздырады,
. адам жол тауып оздырады.
Ү. «Сиқырлы дөңгелек» ойыны
Дөңгелекке жазылған сөздердің синонимдерін табу
Сұлу, батыр, сабырлы, ас, өң, жылдам.
ҮІ. “Адасқан сөздер” ойыны
І топ “Адасқан сөздерді” орнына қой және омонимдердің астын сызу.
1. Дейсің, қара, жағам,
Бірақ, әліңе, қара.
2. Санды, Самат, бөле ме?
Мен, Сара, Самат, бөле ме?
ІІ топ “Адасқан әріптерді” орнына қой және омонимдердің астын сызу.
1. Орында, осы, дәл,
Үйге, кеш, келсем де.
ҮІІ. Сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.
Батыр, жай, айт, жылы.
Көркем, түс, қара, бөле.
ҮІІІ. «Сөзден сөйлем» ойыны
Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін жазыңдар.
Онда міндетті түрде антоним, синоним, омоним сөздер болуын ескеріңдер.
Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?
Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?
Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?
Тест парақшаларына жауап береді.
1. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
А) Даңқ үшін, думан үшін қызмет етпе.
Ә) Біреуді мұқату, кеміту дұрыс емес.
Б) Сапардың аярлығы Сағиланы жирендірді.
2. Омоним болатын сөз қайсысы, көрсетіңіз.
3. Антоним сөздерді табыңыз.
4. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Әндету, өлеңдету.
5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
6. Антонимді табыңыз.
Ә) Жоламау — жуымау.
7. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.
Ә) Жануардың көзі.
Б) Терезенің көзі.
8. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.
Ә) Жиналыстың аяғы.
Б) Жануардың аяғы.
9. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы қалай аталады.
10. Омоним дегеніміз не?
А) Мағыналары қарама — қарсы сөздер.
Ә) Мағыналары жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып, жазылатын сөздер.
Б) Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.
Синоним, антоним, омонимсөздері бар мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жазып келу.
Выберите книгу со скидкой:
ОГЭ. География. Новый полный справочник для подготовки к ОГЭ
350 руб. 242.00 руб.
Математика. Новый полный справочник школьника для подготовки к ЕГЭ
350 руб. 222.00 руб.
Дошкольная педагогика с основами методик воспитания и обучения. Учебник для вузов. Стандарт третьего поколения. 2-е изд.
350 руб. 963.00 руб.
Считаю и решаю: для детей 5-6 лет. Ч. 1, 2-е изд., испр. и перераб.
350 руб. 169.00 руб.
Начинаю считать: для детей 4-5 лет. Ч. 1, 2-е изд., испр. и перераб.
350 руб. 169.00 руб.
Считаю и решаю: для детей 5-6 лет. Ч. 2, 2-е изд., испр. и перераб.
350 руб. 169.00 руб.
Пишу буквы: для детей 5-6 лет. Ч. 2. 2-е изд, испр. и перераб.
350 руб. 169.00 руб.
Русско-английский словарик в картинках для начальной школы
350 руб. 163.00 руб.
ОГЭ. Литература. Новый полный справочник для подготовки к ОГЭ
350 руб. 205.00 руб.
ЕГЭ. Английский язык. Новый полный справочник для подготовки к ЕГЭ
350 руб. 171.00 руб.
Рисуем по клеточкам и точкам
350 руб. 248.00 руб.
ЕГЭ. Информатика. Новый полный справочник для подготовки к ЕГЭ
350 руб. 163.00 руб.
БОЛЕЕ 58 000 КНИГ И ШИРОКИЙ ВЫБОР КАНЦТОВАРОВ! ИНФОЛАВКА
Инфолавка — книжный магазин для педагогов и родителей от проекта «Инфоурок»
VI Международный дистанционный конкурс «Старт»
Идет приём заявок
- 16 предметов
- Для учеников 1-11 классов и дошкольников
- Наградные и подарки
Номер материала: ДВ-152960
Добавляйте авторские материалы и получите призы от Инфоурок
Еженедельный призовой фонд 100 000 Р
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако редакция сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение редакции может не совпадать с точкой зрения авторов.
Источник статьи: http://infourok.ru/omonim-sinonim-antonimderdi-aytalau-sinip-saba-zhospari-579439.html
Тақырыбы: Омоним, синоним, антоним сөздердің қолданысы
Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады. Сондай-ақ сыр — біреудің құпия ойы және сыр — бояу, жас — адамның нешеге келуі және жас — көзден ағатын су және жас — жастық кез т. б. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды.
Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе кушті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз — сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт т. б. Белгілі бір ұғымды білдіретін мәңдес сөздер тобы синонимдік қатар жасайды. Мысалы: аброй, бедел, қадір немесе мықты берік, күшті, бекем дегендер синонимдік қатар құрайды. Бірақ жалпы ұғымды білдіретін сөздер мен жеке ұғымды білдіретін сөздер немесе бір заттың әр жақты түрін білдіретін сөздер синонимдік қатар жасай алмайды. Мысалы, киім деген сөзге шалбар немесе көйлек синоним бола алмайды, өйткені шалбар да, көйлек те киімнің жеке-жеке түрлері.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жақсы-жаман, аз-көп, алыс-жақын т. б. Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды: Қарлы — қарсыз, желді — желсіз т. б. Антоним болу үшін сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы болуы шарт. Кейде антоним сөздер жалпылық мағыналы қос сөз түрінде де қолданылады. Мысалы: Жоғары — төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдапү
ІІ модуль, 3 сабақ
Тақырыбы:Сөздегі логикалық екпін мен кідіріс, интонация, оларды қолдана білу.
Телевизия бағдарламаларының ақпараттық ықпалының пәрменін арттыруға сөзден тысқары (невербаль) құралдардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Ондай құралдар түріне негізінен сөйлеу ырғақтылығы (мелодика речи) деген ұғымға жатқызылатын ритм, қуаттылық, пауза, логикалық және сөздік екпін, дауыс келбеті, ым мен ишара, қол сермеу қимылдары секілділер кіреді.
Ым-ишара (мимика, жест) адамзаттың өзара ақпарат алмасқан көне формаларының бірі. Соған қарамастан қазірге дейін адамдар қатынасында сақталды және кей жағдайда мәдени дәстүр сипатында да көрініс табады. Ым-ишара қатынасы алғашқы кезде қорқыныш үрейді, қуанып мерейленуді, тоқтатып тиым салуды немесе ұйғарып қолдауды меңзеген жалпылама түрде санаулы ғана ойды білдірсе, кейінгі даму кезеңдерде барған сайын жетілдіріле түскен. Айталық, ақпарат жеткізуге бағытталған адами әрекеттердің негізінде бет-әлпет, қас-қабақ, көз-жанар құбылулары мен қимылдарының көбейгендігіне байланысты ішкі ой мен түрлі мазмұнды айқындауға көшкен. Қазіргі ғалымдардың ым-ишараны қарым-қатынастың салыстырмалы түрдегі дербес құралы, адамдардың өзара байланыстарының сөз қолданбайтын қатынас түрі деп тұжырымдаулары кездейсоқ болмаса керек.
Бүгінгі таңда түрлі халықтар арасында кеңінен тараған қонақ күту, шығарып салу, сәлемдесу, сый-құрмет көрсету, Жаратушыға табыну, ойнап-күлу, шаруашылық жүргізу, аң аулау секілді рәсімдерде қолданатын дәстүрдің дені ежелгі ым-ишараның жалғасы деуге болады. Сол дәстүрлі қимылды телевизия бағдарламаларына тиімді пайдалана білсек оның нәтижесі өз кезегінде жемісін береді. Себебі, телеэкран дегеніміз адами қоғам мен оның күнделікті өмірінің шынайы көрінісі.
Ым-ишара – бір жағынан ақпараттың жету мүмкіндігін оңайлатып, нанымдылығын арттырса, келесіден эфирдегі қызметкерлердің қатынасын оңтайландыратын, мәдени деңгейін айғақтайтын бір фактор болады. Радиохабарда ақпарат таратушы мен қабылдаушы бір бірін көре алмайтындықтан онда ым- ишара қолдануға еш мүмкіндік жоқ. Ал, телевизияда оны қолдануға аса қолайлы. Жалпы ым, ишара қатынасы адамдардың бетпе бет кездесуінде ғана мүмкін болатын жағдай
Екпін (Акцентуация)оның басты-басты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немес комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөдердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінннің атқаратын лексика-грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.
Дыбыс өзгерістерінің басты-басты түрлері: игерулі (комбинаторлық), шектік (позициялық), игерусіз (спонтанды). Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес, алшақ, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері: 1) ассимиляция, оның түрлері: дауыстылардың ассимиляциясы немес үндесуі, езулік немес таңдай аттракция мен еріндік аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимиляция мен сингармонизмнің ортақ жақтары және олардың айырмалары. 2) аккомодация (дауыстының дауыссызға немес дауыссыздың дауыстыға әсері); 3) метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы); 4) диссимиляция (ұқсатпай өзгерту), 5) орынбасар дыбыспен алмастыру; 6) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары. Шектік (позициялық) өзгерістер, олардың игерулі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзгерістердің басты-басты түрлері: үчстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза), дауыстының әлсіреуі (редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.
Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі. Дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөзтаптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немес синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі.
Логикалық екпін. Телевизия мен радио арқылы баяндалатын әңгіме өзеннің ағыны секілді үзіліссіз жалғасуға тиіс емес. Керісінше, мәтіннің мазмұны шоғырланған тұстары сөздің екпінімен бөлшектеніп, дауыстың әуені де соған сай өзгеріп логикалық мазмұнды айшықтап отыруға тиіс. К.С. Станиславский «Екпін – белгілі бір әңгіменің негізгі мазмұнын сұқ саусақ іспетті айқындап тұратын дүние» деген [1]. Сөздің қайсыбірін логикалық екпінмен айырғанда негізінен дауыстың қойылуын үйлесімді етіп, өзгерту тәсілі қолданылады. Ал, кез келген кездейсоқ таңдалған екпін әңгіменің логикалық мазмұнын бұзатынын естен шығармауға тиіспіз.
Телерадио арқылы оқылатын әр мәтін әдеби өңдеуден өткенімен оны оқығанда логикалық екпін дұрыс қолданылмаса мағыналық реті бұзылып, түсініксіз болып қалады. Олай болса, ең қажетті әрі маңызды сөзді ерекшелеп айтуды екпiн беру деп түсінуге болады.
Логикалық екпін көбінесе сөйлемнің деңгейінде жасалса, сөз екпіні бір сөзді ғана ерекше етіп айтуға бағытталады.
Пауза. Ауызша әңгімеде паузаның атқаратын рөлі айтарлықтай. Оны сөз арасында терең дем алу үшін сәл үзіліс жасайтын физиологиялық әрекет ретінде түсінуге болады. Пауза сөйлеушінің де, тыңдаушының да бір сәт тынығуына мүмкіндік береді. Бұл жүргізуші мен тыңдаушы екеуіне өзіндік ықпалы бар дүние. Жүргізуші қас-қағым сәтте жағы мен тамағын сәл тынықтырумен қатар көңілін орнықтырып, айтқан сөздеріне қорытынды жасап, енді қалай жалғастырарын жоспарлап үлгеретін сәт болса, тыңдаушы қауым үшін бұрын тыңдағандарын пайымдап, келесі ақпаратқа назар аударып тыңдауға дайындық кезеңі болады. Осының өзінен-ақ, паузаның қарым-қатынасты жандандыратын фактор екендігін аңғаруға болады.
Бүгінгі таңда сөйлеу өнеріндегі пауза саласын әлем ғалымдары аса қызығушылықпен зерттеуді қолға алды. Әсіресе, АҚШ-та паузатану саласы ғылыми-зерттеудің жаңа нысанына айналған. Адам баласының әңгіме айту, баяндау барысында уақытша кідіріс жасауын, ары қарай жалғастыруын, қайталауын және оның мерзімі мен мазмұнын зерттейтін ғылымды паузология деп атап жүр.
Американың паузатанушы ғалымы О`Коннор «Пауза – адамның әңгімелеп отырған тақырыбының мәнін сөзден де кем түспейтін деңгейде білдіре алатын ерекше әрекет» деп оның сөз өнерінде атқаратын рөлін анықтаған [2]. Ғалымдардың мәлімдеуінше, паузаның уақыты 0,5-1,0 секундті құрайды. Баяндама, дәріс барысында кездесетін паузаның барлық уақыты жалпы мерзімнің 40-50 пайызын құрайды деген есепті де ғалымдар ұсынып отыр. Сөз болып отырған мәселе қаншалықты тың дүние болса, пауза да соншалықты көп жасалады екен.
Паузаның саны, бөлінісі, жалғасу уақыты әңгіменің сипаты мен сапасына қарай айқындалады. Оған тағы сөйлем құрылымдарынан бастап өзге де факторлар елеулі ықпал етеді. Паузаны жалпылама түрде логикалық, психологиялық, люфт-пауза деп үшке бөлеміз.
Сөз етіліп отырған мәселенің негізгі мазмұнын топтарға бөліп, шегі мен шетін айырып түсіндіру үшін логикалық пауза пайдаланылады. Ал, психологиялық пауза – сөз сөйлеушінің ішкі көңіл — күйі мен шығармашылық ойлау қабілетін айғақтайды. К.С. Станиславский «логикалық паузасыз сөз немесе баяндама ретсіздікті тудырса, психологиялық паузасыз сөйлемдер әңгімені жансыз өлі дүниеге айналдырады» деген.
Радио, телевизияның тікелей эфир бағдарламасы кезінде паузаның рөлі ерекше көрініс табады. Мұндайда оған қатысушылар даяр мәтінді қолданбайтындықтан абыржу, нанымды әрі салмақты сөздерді дер кезінде таба алмай қиналу байқалады. Мұндай жағдайда сөз алушымен қатар әңгімеге тыңдаушы да белсенді араласуға мүмкіндік табатындықтан сөз, атауларды бірлесіп іздеушіге айналады. Жалпы, бұрын-соңды мәлім болмаған тың ұғымдарды түсіндірген сәтте әдеттегіден көп пауза қолданылады екен.
Люфт — пауза (ауа паузасы) – ең қысқа сәттік кідіріс болып табылады. Бұл әңгіме барысындағы болмашы ғана кідіріс болғанымен тыңдаушыларға айтылар сөздің мазмұнын жеткізудегі оның атқаратын рөлі айтарлықтай. Себебі, сөз ағыны арасында екі немесе одан да көп сөз бірігіп, тек ауызша әңгімеге қатысты жаңа бірлік болатындай дыбыстау сөздерін жасайды. Мысалы, «бұл тыңдағандарыңыз» сөзі еш кідіріссіз айтылса, «бұлтыңдағандарыңыз» деген мүлде өзгеше мағыналы сөз болып шығады. (Тыңдаған емес, керісінше, бірдемесі бұлтың-бұлтың етіп тұрғандай)
Сол секілді «шаш алды» — «шашалды», «бас салды» – «басалды», «бет алды» — «беталды», «бай салды» — «байсалды», «шар тарап» — «шартарап» т.с.с. өзгеше мағыналы сөзге ауысып естіліп жатады. Мұндай шатасушылық әлем тілдерінің бәрінде де кездесуі мүмкін. Айталық, орыс тіліндегі әңгімеде «подругувели» сөзі «подруг увели» болып естілуі ықтимал. Ал, сөз арасындағы кідіріс дұрыс қолданылса, сөз өз мағынасына сай дұрыс етілетін болады.
1. Теле жүргізуші болып бір бағдарламаны бақарып көр.
2. Сурет бойынша ым- ишарамен түсіндіріп көрсет.
3. Өзің қалаған мәтінмен жұмыс жаса.
ІІ модуль, 4 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Рухани идеал мен сөз өнер.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеттері: Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
«Бір ауыз сөз» әні. Сөзі: Қ. Салықовтікі, Әні: Ш. Әбілтаевтікі
Мәтінмен жұмыс
Әмір Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһарда асқан бір сазгер бар дегенді үлкендерден естігенім бар еді», — дейді. «Ол – мына кісі», — деп, бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша одан: «Есімің кім болады?» — деп сұрайды. «Атым – Мемлекет (өзбекше Дәулет. — Ұ.А.)», — дейді сазгер. «Мемлекет те соқыр бола ма екен?» — дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болса, ақсақты үйіне кіргізбес еді ғой!» — депті. Сазгердің тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый –сыяпат беріп, шығарып салған екен.
Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені айта алуы, ал келте ақылға, керісінше, көп сөйлеп, бірақ еш нәрсе айта алмаушылық тән. Ф.Ларошфуко. Дәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.
«Жаңа ақпарат» айдарымен берілген мәтінді оқып, оны өз ойларымен толықтыруды сұрайды. Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлесудің парқына мән берген. Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып, қорланып, келе жатқан ақыл –ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – төк тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі – адамның өз қадірі, сөз құпсыздың өзі құпсыз» Өзіммен өзім «Өзіммен өзім» әдістемелік тәсілі
Бабаларымыздың тапқыр сөздерінің неге бұлай айтылған.
1. Су анасы – бұлақ.
2. Жол анасы – тұяқ.
3. Сөз анасы – құлақ.
Тапсырма: Ұлы адамдардын нақыл сөздерін оқу, мағынасын түсіндіру.Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың және тұлғаның қасиеті арта түседі.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез,
Нұрын, сырын, көруге,
Көкірегіңде болсын көз.
Жақсы сөзді ел жаттар,
Ел жаттар сөзде салмақ бар.
Жақсының сөзі майдадай
Жаманның сөзі найзадай
Адал жүріп шын сөйле,
Асығың жүрер алшыдан.
Тіріні көрге салар да – сөз,
Өліні тірілте алар да – сөз.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар
Орынды жерде сөйлесем
Қызыл тілім дөңгелер
Сөз өнері – атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. Бальзак
Дәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.
«Сөз құдіреті» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыз.
Тірек сөздер: ана тілі, тіл тазалығы, асыл сөз, өтірік сөз, сөз қадірі шешеннің тілі, әділ сөз, өсиет сөз.
«Назар аударыңыз» айдарымен берілген әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздерімен танысып білімдерін тиянақтай түседі. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтың әдістердің бірі – балаға ақыл – өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру.
Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері.
Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.
Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме.
Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.
Дастархан басында көп сөйлеме.
Жаман, бұзақы сөзден тыйыл.
Біреу бірдеңе сұраса, ойланып, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма.
Өзің білмегшеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба.
Әркімді бір кемележдеп, мұқатпа.
Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ.
Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы 5 шумақ құрастыру.
5. Негізгі түйін сөз
3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады
4. Сөз өмірдің ұлы қаруы
2. Қасиетті, мағыналы.
3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді
4. Өтірік сөз өрге баспайды
3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді
4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді
«Сөз туралы» Ә. Тәжібаев
Сөз қандай бай, білем соның қаншасын,
Жатып тұрып санадым.
Әр біреуін қолыма ұстап үңіле,
Асыл тасша қарадым.
Сыңғырлайды соғыстырсам металдай,
Секілді қару – жарағым.
Осылар ғой сақтаған
Таңдап алып отырамын,
Жалын атсын мынасы,
Жанған өрттің бояуын алып жағамын.
Ал мынаның арттыру үшін құдіретін
Қаздағы мұзға саламын.
Жан бермей ме, әл кірмей ме жырыма,
Таба білсем осылардың қалауын?
ІІ модуль, 5 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақал сөздің– мәйегі
1) Оқушылардың мақал — мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал — мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;
2) Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал — тәсілдер арқылы іздендіру;
3) ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс — тәсілі: түсіндіру, іздендіру, ой қорғау, ассосация, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақтың мақал — мәтелдері», «7777 мақал мен мәтелдер» кітаптары, үлестірмелі кеспелер, Абайдың нақыл сөздері, Абайдың, Б. Момышұлының суреттері.
Пән аралық байланыс: әдебиет, өзін — өзі тану пәні
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу;
2) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Сынып оқушыларын ІІ топқа бөлу:
ІІ топ Білгірлер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Өтілген тақырыпты сұрақ — жауап әдісі арқылы бекіту
ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
— Балалар, мына берілген сөздер тобын не дейміз?
— Ендеше балалар, мақал мен мәтелдің не екенін еске түсірейікші
Тұрақты тіркестер сияқты мақал — мәтелдер де — әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал — мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал — мәтелдер де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Мақал — мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді
Мақал — тәрбиелік мәні бар, ақыл — нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Осылайша мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, бірінші бөлімде шарт немесе себеп — салдары, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.
Мәтел — ой — пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Мақал — мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтеді әрі ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
Шығармашылық жұмыс
Тақтада бір топ суреттер ілінген. Сабақта жақсы бағаға ие болып, мақсатымызға жету үшін алдағы бір топ кедергілерден аман өту керек. Жолдағы кедергілер: Терең ор, көл, өзен, ну орман, тау.
1) «Терең ор» кедергісінің тапсырмасы:
125 — жаттығуды орындау (жазбаша, ауызша)
2) «Көл» кедергісінің тапсырмасы:
126 — жаттығуды орындау ( тақтаға, дәптерге жазу)
3) «Өзен» кедергісінің тапсырмасы:
127 — жаттығуды орындау (жазбаша)
Мәтелдерді теріп жазу —————— Мақалдарды теріп жазу
4) «Ну орман» кедергісінің тапсырмасы: (ауызша)
5) «Тау» кедергісінің тапсырмасы: (ауызша)
1) Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
2) Отан үшін отқа түс — күймейсің.
3) Еңкейгенге еңкей –
Басың жерге жеткенше,
Төбең көкке жеткенше.
4) Отбасы толған жансың,
Бір — біріңе мейман жансың.
5) Үлкенді сыйласаң — қадірлі боласың,
Кішіні сыйласаң — құрметті боласың.
6) Ағасы бардың — жағасы бар,
Інісі бардың — тынысы бар.
VІ. Жаңа сабақты бекіту
«Шаттық шеңберін» құрып бір — бірімізге тілек тілейік.
1. мақал дегеніміз не?
2. Мәтел дегеніміз не?
3. Айырмашылығын атаңдар?
VІІ. Сабақты қорыту
2. Үй тапсырмасын беру: Мақал — мәтелдер жазып келу
ІІ модуль, 6 сабақ
Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» десе де болады.
Тәрбие басы – тіл (Махмұд Қашқари)
Тіліңді тый – тісің сынбайды (Ахмет Игүнеки)
Басқа пәле – тілден (Жиренше)
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас (Бәйдібек Қарашаұлы)
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас (Төле би)
Тіл – өткір найза (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ (Базар Оңдасұлы)
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды (Абай)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)
Тілден – зікір, көңілден – пікір (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
«Қазақ афоризмдері» кітабынан алынды
Өнер, білімге арналған:
1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. (Ж.Баласағұн)
2.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.(Сенека)
3.Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.(Т.Фуллер.)
4.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.(А.П.Чехов)
5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін
тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» (Альберт Эйнштейн)
6.»Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» (Шоқан Уәлиханов)
7.Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.(А.С. Макаренко)
8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» (К.Д.Ушинский)
9.Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.(Қазыбек би)
10.Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
11.Ұстаз – анаңдай ұлы.
12.Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
13.Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
14.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
15.Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
16.Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .(Жүсіпбек Аймауытұлы)
17.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.(Қадыр Мырза Әлі)
ІІ модуль, 7 сабақ
1. Туынды зат есімді белгіле.
А) күйші Ә)ән Б)бала В)жуды
2. Қосымша жалғанған сөзді белгіле.
А)өмір Ә)өгіз Б)көңілді В)дала
3. Күрделі зат есімді белгіле.
А) шаңғышы Ә) Абай Құнанбаев Б)бапкер В)суретші
4. І жақта тәуелдеулі зат есімді белгіле.
А)түймені Ә)інім Б)айтқанды В)балықтың
5.Зат есімнің жіктеулі түрін белгіле
А)ініммен Ә)көмекшімін Б) тапсырма В)онымен
6. Екінші жақта жіктелген етістікті белгіле.
А)келді Ә)келдім Б)келдің В)барды
7. Екі жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?
А) құрмалас Ә)жай сөйлем Б)жайылма В)жалаң
8. Сөйлем мүшелерінің байланысын не арқылы анықтаймыз?
А)тыныс белгісі Ә)сұрақ қою арқылы Б)орын тәртәбә арқылы В)сөз арқылы
9. Сөз тіркесін белгілі.
А) орманда Ә) ағаштар Б)суық жел В)гүл өсті
10. Бірыңғай мүшелерді белгіле.
А)түрлі ағаштар Ә)орманда ағаштар Б) қайың, терек, емен В)күн күркіреді
11. Қыстырма сөзі бар сөйлем?
А)Сабақтан келдім. Ә)Қысқасы, сабаққа барамын. Б)Жаңбыр жауды. В)Мен гүл теремін.
12. Жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді тап.
А) шөптер Ә)құстар Б)бәйтерек В)өсімдік
13. Күрделі етістікті тап.
А) оқушы Ә) күндіз Б)жазды В)жазып отыр едім
14.Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан сөзді не дейміз?
А) сөз тіркесі Ә)сөйлем Б)сөз В)зат есім
15. Сын есім+зат есімнен жасалып тұрған сөз тіркесін тап.
А)бес алма Ә)әдемі көрпе Б) оқушы оқыды В)жеті қазына
16. Жалаң сөйлемді тап.
А)Құлын кісінеді. Ә)темір күрек Б)екі бала ойнады В)қайтып келді
17. Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсет.
А)кітапта Ә)Абайдың Б) әлдекім В)дәптерді
18. Тәуелділік жалғау жалғанған сөзді тап.
А)үйіңіз Ә)сағаттың Б)шалқыма В)үй
19. Буын үндестігіне бағынып тұрған сөз.
А)гүлдың Ә)гүлды Б)гүлдер В)балалер
20. Өткен шақ етістікті белгіле.
А) барды Ә) баратын Б) барады В)көңілді
21.»Керуеншілер» сөзі қандай сөзге жатады?
А)түбір сөз Ә)қосымшалы сөз Б) сын есім В)сөз тіркесі
22. Көмектес септікте тұрған сөз.
А)әжемен Ә)әжеге Б) әженің В)әжені
23. Шығыс септіктегі сөзді тап.
А)анадан Ә)анаға Б) анамен В)ананың
24. Күрделі мүшесі бар сөйлем?
А)Бала ойнады. Ә)Қызыл ала гүл өсті. Б)Орман іші тыныш. В)Балалар суға түсті.
25. Әже сөзін септе.
ІІІ модуль, 1 сабақ
Сабақ тақырыбы: Сөз өрнектері (троптар)
Источник статьи: http://allrefrs.ru/4-3315.html