—>Коллеги — педагогический журнал Казахстана —>
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР (ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ)
Адамдармен тілдік қарым-қатынасқа түскенде,сөйлеушінің тіл байлығы, тіл тазалығы мен дәлдігі ерекше байқалады.Біреулер қисынды әрі мәнерлі сөйлесе,біреулер түсінікті әрі орынды, енді біреулер бейнелі сөйлеуге тырысады. Бейнелі әрі әсерлі сөйлеу үшін мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестер мен нақыл сөздер жиі қолданылады.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР (ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ)
1.Иман жүзді – мейірімді
2.Көз ілмеу – ұйықтамау
3.Жүрегі жарылу – қуану
4.Төбе шашы тік тұру – қорқу
5.Жұмған аузын ашпау – үндемеу
6.Қызыл итке жем болу – қызғану
7.Қара қылды қақ жарған – әділ
8.Сөзге келмеу – келісу
9.Қой аузынан шөп алмас – жуас,момын
10.Өлердегі сөзін айту – жалыну
11.Тас жүрек – қатал,қатыгез
12.Тісі тісне тимеу – тоңу
13.Жаны мұрнының ұшына келу – қиналу
14.Үйді басына көтеру – айқайлау
15.Бетінен оты шығу –ұялу
16.Жүрегінің түгі бар – батыр
17.Бетінен қақпау – еркелету
18.Шаңырақ көтерді – үйленді
19.Жаужүрек – батыр
20.Ертеден қара кешке дейін –күні бойы
21.Кең пейіл – жомарт
22.Көзді ашып -жұмғанша – тез
23.Тас бауыр – қатал
24.Көз көрмес,құлақ естімес жер -алыс
25.Тілі аузына сыймау – шөлдеу
26.Түймедейді түйедей қылу – асыру
27.Діңкесі құру – шаршау
28.Көз салу – көру
29.Ит өлген жер – алыс
30.Оқтай қадалу – қалмау ,кетпеу
31.Аспанмен таласқан –биік
32.Паш ету – хабарлау
33.Жүрек жалғау – тамақтану
34.Көзі жету – анықтау
35.Ауыздан дәмі кетпеу – дәмді тамақ
36.Көңілі тыну – тыныштану .
37.Қас пен көздің арасында – жылдам .
38.Ай десе аузы,күн десе көзі бар –сұлу.
39. Жерден жеті қоян тапқандай –қуану
40. Бір ауыз сөз –көп емес,аз ғана сөз
41.Бір аттам жер –жақын жер
42.Екі аяғын бір етікке тығу –састыру
43.Екі оттың арасында қалу –қиындыққа ұшырау
44.Екі төрт болу –сағыну
45.Үш қайнаса сорпасы қосылмау –мүлде бөлек
46.Төрт құбыласы тең –болып-толу,еш нәрсеге мұқтаж емес
47.Бес саусағындай білу –жатқа білу,жетік білу
48.Маңдайының бес елі бағы бар –бақытты, ырысы тасыған
49.Алты аласы,бес бересі жоқ –ешбір қатынасы жоқ
50.Жеті жұрт –көп ел
51.Сегіз қырлы,бір сырлы –өнерлі
52.Он саусағынан өнер тамған –өте шебер
53.Қол үшін беру, Қанатымен су себу,Атсалысу –көмектесу
54.Беті шыдамау,Жерге қарау –ұялу
55.Жаны тырнағының ұшына келу,Жаны көзіне көріну –қорқу
56.Бөркін аспанға лақтыру,әйелі ұл тапқандай –қуану
57.Екі өкпесін қолына ала жүгіру –асығу,қатты жүгіру
58.Екі олы болу –бір шешімге келе алму
Источник статьи: http://collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-11094
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ АНТОНИМДЕР
Автор: admin · Опубликовано 10.01.2013 · Обновлено 10.01.2013
Фразеологизмдер мән-мағынасы жағьшан бір-біріне үйлес геліп, өзара бір-бірі-мен синоним болып жұмсалатындығы сияқты бұлар мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып та қолданыла береді. Тұрақты тіркестердің арасындағы осындай кере-ғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады. Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі брлып кездеседі. Мұның бірінші турі -тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты — аты ешті, ат ізін салмады — ат ізін құрғатпады, ашық мінез — тұйық мінез, әлі кірді — әлі кетті, бақ қонды — бағы тайды, беделі артты — беделі түсті, бетінен оты шықты — беті бүлк етпеді, бұл дүние — о дүние, ер жүрек — қоян жүрек, есіне түсті — есінен шықты, жүрек жұтқан — су жүрек, жолыңа гүл бітсін — жолыңа жуа шықсын, май қап — тас қап, көзі тірі — көзі жоқ қисыны келді — қисыны кетті, есік көрген — бесік көрген, мінер
жақ — қамшылар жақ, сертке жетті — серттен тайды, соққы жеді-соққы берді, сыр алдырды — сыр бермеді, үміт етті — үмітін үзді, іске алғысыз — іске татыр, оң бата — теріс бата, ақ жүрек — қара жүрек, аузы берік — аузы ашық, аузы жеңіл — аузы ауыр, жас ет — сүр ет, күні туды — күні өтті, еңбегі жанды — еңбегі еш болды, көзіңнің оты өшсін — көзіңнің шырағы жансын, т. б. Фразеологиялық синонимдердін, екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан да, қүрамы жағынан да мүлдем басқа сөздер болып кездеседі. Мысалы: соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шөлі қанды — қаны кепті, өркенің өскір — жел-кең киылғыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — үйлі-баранды, оң жақ (босаға) — жат есік, еңкейген шал — еңбек-теген бала, өлі сүйек — еті тірі, аузына май — жағыц қарыссын, айы оңынан туды — жолы болмады, еңбегі қатпаған — тісі шыққан, өркенің өссін — жүрімің үзілгір, ақ ниет — арам ой, араны ашылды—тәбеті тартпады, әу баста—ақыр соңында, жанын сал-ды — бой тартты, көңіл бөлді — мән бермеді, мойны босады — қолы тимеді, отпен кіріп, күлмен шықты — бұта басын сындырмады, таң атты — күн батты, ұйқысы қанды — көз ілмеді, іш тартты — іргесін аулақ салды, боқ мұрын — қ атқан тұяқ, қыр-ғи қабақ — арасынан қыл өтпейді, ауыз жаласты — ат құйры-ғын кесісті, аузы аузына жұқпады — аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсті, бауыр басты — жат бауыр болды, өлі аруақ — тірі жан, кара қазан — қолы ашық, ала қол — қара қылды как жарғав/т. б. Қазақ тілі фразеологиялық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық антонимдерге де соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның бұлай болуы тілдегі сан алуан стильдік сөз қолданыстарымен тығыз байланыстылығында деп түсінген жөн.
ФРАЗЕОЛОГИЯ
Автор: Tarazsky · Опубликовано 12.03.2018 · Обновлено 05.03.2018
Фразеологизмдердіц қазақ тіл білімінде зерттелуі
“Фразеология” дегеніміз, біріншіден, “тілдегі барлык фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, казынасы”, екіншіден, “фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы” [1, 94]. Ал фразеологизм дегеніміз — кұрамындағы сыңарлары өте тұрақты болып келетін, колданыска эрдайым дайын тұратын тұрақты сөз тіркесі. Мұнда тіркес кұраушы сөздер өздерінің бастапкы тура мағыналарынан мүлдем немесе жарым-жартылай айырылып, өзара жымдаса келіп, бір ғана фразеологиялық жалпы магынага ие болады. Бұл мағынаға ауыспалылық пен бейнелілік тән.
Қазақ тілі казынасындағы тұракты сөз тіркестерінің релеванттық касиетін айкындау, казак фразеологизмдерін іштей саралап бөлу, сондай-ақ фразеологиялык мағынаның калыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және макал-мәтелдерден айырмащылығы мен оларға ұксас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалык сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына аркау болатын ұйткы сөздер, фразеологиялық калька сияқты фразеологияның көкейтесті мәселелерін казак тіл білімінің күн тэртібіне қойып, казақ фразеологиясының бағыт-бағдарын саралаған, осы саланың дербес пэнге айналуының негізін калаған ғалым академик І.Кеңесбаев болды. Оның XX ғасырдың 40-жылдары жарық көрген “Қазак тілінің тиянакты сөз таптары” (Докторлык диссертация, Алматы, 1944), “Қазак тілінің идиомдары мен фразалары туралы” (Халык мұғалімі. 1946), “ К вопросу об экспрессивно — стилистических функциях фразеологизмов” (Тезисы докладов конференции “Развитие стилистических систем литературных языков народов СССР”. Ашхабад, 1966) сиякты еңбектерінен кейін-ак, казак фразеологиясын зерттеу айрыкша колға алынды. А.Ыскаков, М.Балакаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздықова тэрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері казак фразеологиясының дербес пэн болып қалыптасу, даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.
Фразеологизмдерді топтау мэселесі І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
Ә.Т.Қайдаров, Р.Жайсаковалар қазак фразеологизмдерінің кұрамдык сипатын ашып, семантикалык-такырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айкындады. Р.Сыздыкова Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу аркылы казак фразеологизмдерінің поэтикалык тілдегі жұмсалу өрісін зерделеп, авторлық колданыстағы фразеологизмдердің жасалу механизмін көрсетті. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев еңбектерінде қазақ фразеологиясының теориялык мәселелері жинақтала сөз болды. Р.Сәрсенбаев зерттеулерінде
фразеологизмдердің мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен ара-катысы айкындалды.
Бүгінгі казак фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырганы байкалады. Біріншісі — казак фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зертгеу. Бұл багытга казак тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялык өңдеуден өткізудегі І.Кенесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялык сөздігі” (Алматы, 1977), Ә.Қайдаровтың “Мың әсерлі де бейнелі орамдар” (Астана, 2003) сиякты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы жэне ішкі кұрылымындағы дыбыстык, мағыналық, семантикалык, әуезділік үйлесімін, т.б. архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың “Қазак тіліндегі қостаганды фразеологизмдердің Тілдік және поэтикалық табиғаты” (Алматы, 1997) атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету, синонимдік катарын анықтаудағы Г.Смағұлованың “Фразеологизмдердің варианттылығы” (Алматы, 1996), “Мағыналас фразеологизмдердің ұлттык-мэдени аспектілері” (Алматы, 1998) тәрізді еңбектерін атап айтуға болады. Р.Сыздықованың “Сөздер сөйлейді” (Алматы, 1994), Н.Уэлиевтің “Фразеология және тілдік норма” (Алматы, 1998) сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялык тұрғыдан талданып, олардың кұрамындагы мағынасы күнгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мэн-мағынасы ашылды. Қазақ фразеологизмдері фразеологиялык бірлікті жасауға ұйткы болатын сөздер негізінде соматикалык фразеологизмдер, фитофразеологизмдер, сан-мөлшер фразеологизмдері, зоофразеологизмдер, антропонимдік фразеологизмдер деп семантикалык- мағыналык топтарга, тақырыптарға топтастырып арнайы карастырылуда.
Қазак фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт — қазак тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сиякты болмыс бітімі, кұрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зертгеу ісі. М.Х.Абилгалиева, М.А.Сыздыкова, М.А.Жаксыбаева, М.Р.Есімжанова т.б. зерттеулерінде тіларалық фразеологиялык сэйкестіктерді айкындау, интернационалдық фразеологиялык корды анықтау, салгастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұксастыкты тудырушы факторларды айкындау мэселелері көрініс тапты. Салғастырмалы-типологиялық бағыттағы зерттеулермен өзектес гүсіп жататын қазак фразеологиясындағы салыстырмалы бағыт, яғни казак тілін өзбек, татар, башқұрт, қырғыз т.б. жақын туыстық катыстагы, сондай-ақ монғол, жапон, тұнғыс-маньчжур сиякты алтайлык төркіндестіктегі тілдермен салыстыра зерттеу енді колға алына бастады. Бұл орайда Г.Сагидолданың казак жэне монғол фразеологизмдерін тіларалық деңгейде салыстырған “Поэтикалык фразеологизмдердің этномэдени мазмұны” (Алматы, 2003) атты еңбегін түркі- монғол салыстырмалы фразеологиясын қалыптастырудағы алғашқы бастама ретінде атап айтуга болады.
Қазақ фразеологиясындағы салыстырмалы-тарихи және салғастырмалы- типологиялық бағыттағы зерттеулер үшін тереңдеп талдауды қажет ететін мынадай өзекті мэселелерді көрсетуге болады:
- казақ фразеологиясын туыс немесе торкіндес тілдер фразеологиясымен салыстыра отырып, олардағы ұксас фразеологиялык кұбылыстарды анықтау;
- аударма теориясында, шет тілін оқытуда маңызы зор фразеологиялык эквивалентті аныктау максатында казак фразеологизмдерін туыс емес тілдер фактілерімен салғастыру;
- эртүрлі тілдердегі сөздік шоғырлардың образдык ауыспалылығындағы ортақ заңдылыктарды, ұксас фразеологизмдердің пайда болуына негіз болған факторларды айкындауға, әрі жекелеген лексикалық компоненттердің бірнеше тілге ортақ белгілі бір фразеологиялық мағынаны калыптастырудағы орпын, рөлін анықтауга бағытталған кұрылымдык-типологиялык талдаулар жүргізу;
- географиялык, тілдік (генетикалык немесе біртіндеп калыптаскан) жэне тарихи-мэдени ортактастықтағы біркатар тілдердің фразеологияларының өзара ыкпал-әсерін, туыстас тілдер фразеологиясындағы жакындастықтың себеп-салдарын карастыратын ареалдық зерттеулерді колға алу.
Қазак фразеологиясындагы үшінші бағыт — фразеологиялык бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалык, лингвомәдениеттанымдық,
психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдык, мәдени, тарихи, материалдык кұндылыктарымен сабактастыра зерттеуге айрықша мэн береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С.Сэтенова, Б.Акбердиева, Қ.Габитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапаков сиякты тілші мамандардың зерттеулері белгілі бір этногенетикалык кауымдастыктың акиқат турасындағы таным-түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалгаскан үжымдык тәжірибесін, рухани және материалдық мэдениетін тілі аркылы танып білуде аса маңызды.
Қазак фразеологизмдерін когнитивтік, лингвомәдениеттанымдык, этнолингвистикалык, этнопсихолингвистикальщ аспектіде зерттеуге бағытталған үшінші бағыт — XXI ғасыр ғылымының басты парадигмасы — антропоцентризмнің жемісі, жаңа ғасыр талап етіп отырған ғылыми интеграцияның нәтижесі.
Фразеологизм және оның белгілері
Фразеологизмнің релеванттык белгілері
Фразеологизмдердің бас белгілерін (релеванттық қасиетін) аныктау — казак фразеологиясының ғылыми негізін калаған академик І.Кеңесбаев арнайы токталған және фразеологиядағы ең басты мәселе ретінде алга тарткан проблемалардың бірі болды.
І.Кеңесбаев фразеологизмдерді тілдегі басқа да бірліктерден (сөзден, күрделі сөздерден, еркін тіркестен) ажыратып тануда басшылыққа алынатын ең басты ұстаным, ең негізгі критерийлер ретінде мынадай белгілерді атап көрсетеді:
- мағына түтастығы, яғни фразеологизм кұрамындағы сөздер өздерінің бастапкы мағынасынан түгел немесе жартылай айырылып калып, шоғыр тіркес түрінде біртұтас мағына беруі;
- тіркес тиянактылығы, яки фразеологизм құрамындағы сөздердің орын тәртібі нық болып, өзара жымдаскан тіркес калпын барлык жағдайда сактауы;
- колдану тиянактылығы, яғни фразеологизмнің эрдайым айна-катесіз, бұлжымай, даяр калпында жұмсалуы.
Осы үш белгінің үшеуі де өн бойынан табылган жагдайда гана лексикалык-грамматикалық тұлға фразеологиялық бірлік деңгейіне көтеріліп, фразеологиялық категорияға айналады, тілдегі өзге де тілдік категориялардан оқшауланып, өзіндік дара бітіммен тіл ішінде өмір сүреді [31,590].
І.Кеңесбаевтың бұл пікірі қазак фразеологиясының теориялык мәселелеріне арналған зерттеулерде үнемі басшылыққа алынып келе жатыр.
Фразеологизмдердің магына тұтастыгына байланысты касиеті оның кұрамындағы сыңарлардың жеке-дара тұрып беретін мағыналарынан мүлдем басқаша болып келетін фразеологиялық жиынтык мағынадан айкын байкалады. Мәселен, аузына құм құйылды фразеологизмі “сөзден тосылды, ештеңе дей злмай калды” дегенді білдіреді. Мұнда ауыз, құм, құйылды сөздері тура мағыналарында емес, тұтасып келіп, бір шоғыр кұрап, бейнелі ауыспалы мағынада жұмсалып тұр. Жарғақ құлағы жастыққа тимеді (тыным таппады), тобе ніашы тік тұрды (тіксінді), жаны мұрнының ұшына келді (корықты),қара созді қамшы қылды (тауып сөйлеуді көздеді), ііанын тауып жеді (күнін көрді) т.б. фразеологизмдер бүтін бір сөздің орнына жұмсалатын, магыналык жағынан біртұтас бірліктер. Бұл фразеологизмдер кұрамындагы сөздердің орын тәртібін ауыстыруға, немесе кайсыбір сыңарлардың орнына басқа сөздерді коюга келмейді. Онда мағыналық біртүтастық, тіркестік тиянактылык, фразеологиялык даяр қалып бұзылады, тіптен тіркес өзінің бейнелілігін жояды, экспрессивтік-эмоциялык күшін жоғалтады, мән-магынасынан айырылады.
Жалпы фразеологияда фразеологизмдердің релеванттық қасиет-белгілері ретінде бөлек бітімділік пен тіркес тиянақтылыгы, бейнелілік пен түйдектілік, тіркесуші сөздердің толығымен немесе жартылай ауыс мэнде жұмсалуы, толык немесе жартылай түрдегі магыналық тұтастык, лексикалық магынада категориальдік касиеттің болуы, эмоциональді-экспрессивтік реңк сияктыларды атайды. Фразеологизмдерге тән бұл қасиеттер олардың білдіретін жиынтық мағыналарына бейнелі-атауыштык, бейнелі-метафоралык, ауыспалы- идиомалық сипат дарытады. Фразеологизмдер нақты бір ұгым-түсінікке бағалауыштық, эмоциональді-экспрессивтік т.б. мағыналық реңк үстемелеп, мазмұндык тереңдікке ұмтылатынымен ерекшеленеді.
Фразеологизмдер — ішкі мазмұндык құрылымы, сыртқы тұлга-тұрпаты, мэн-мағынасы тұрғысынан алғанда, қатпар-каттаулары мол, кыр — сыры тереңдеп зерттеуді талап ететін күрделі лингвистикалык кұрылымдар. “Фразеологизмдердің күрделілігі олардың кұрылымдық типтерінің және синтаксистік модельдерінің алуан түрлі болып келуінде ғана емес, сонымен катар такырыптық және семантикалык тұрғыдан сан түрлі, коп қырлы болуында, ойдың әр алуан эмоциональді-экспрессивті реңкілерін білдіруге айрықша кабілеттілігінде”- дейді академик Ә.Т.Қайдаров [28.202].
Мұндай күрделі лингвистикалық құрылым бірден пайда бола салмағаны, еркін тіркес негізінде жасалып, уақыт озган сайын біртіндеп қалыптасканы сезсіз. Орыс фразеологі А.И.Молотков: “Еркін сөз тіркесінің ауыс мағынада жұмсалуының нәтижесінде оны құраушы сездер өздерінің бастапқы мағыналарынан айырылып, біртұтас мағына беретін шоғырдың бөлшектеріне айналады. Фразеологизмнің жасалуына аркау болған әу бастағы еркін тіркесті фразеологизмнің прототиві деуге болады”- дейді [49.60]. Сондықтан да фразеологизмдер өздерінің сырткы тұрпаты жағынан еркін тіркестерге ұксайды, оларды сыңарлар арасындагы грамматикалык байланыстардың белгілі бір формаларына негізделген, тілде бұрыннан бар сөз тіркестерінің модельдері орын алады.
Номинациялык заңдылық тұрғысынан алганда “фразеологизмнің прототипі болушы еркін тіркес — бірінші дәрежелі кұрылымдык негіз, ал фразеологиялык шогыр — екінші дәрежелі туынды құрылым болып табылады” [62.14].
Фразеологизмдердің мағынасы тарихи тұрғыдан алғанда өз кұрамындағы сыңарларға, фразеологизмге негіз болган эу бастагы еркін тіркестің магынасына жетелері даусыз. “Фразеологиялык магынаның сырын, фразеологизмнің жасалу төркінін сол әріректегі тіл кұбылыстарынан, тілдің ішкі заңдарынан, қала берді экстралингвистикалық факторлардан іздеу керек”-дейді І.Кеңесбаев [31.605]. Мысалы, жулдызы қарсы деген фразеологизмнің шығу тегі “аспен элемінде эр адамның меншікті жұлдызы болады” дейтін ескі наным-түсінікке жетелейтін болса, ақ түйенін қарны жарылу фразеологизмінің түп негізінде казактың тұрмыстық салт-дәстүріндегі кұрбандык шалу рәсімі жатыр. Ал жеті қат жер, жеті қат кок, жеті қарацгы түн, жсті атасын жслдей кошіру, жеті атасынап түк кормеген, кедейдіц жеті қацтаруы сиякты жеті санының катысуымен жасалған фразеологизмдерде көне дэуірдегі мифтік салт — сана іздері сакталған.
Еркін сөз тіркестерінің фразеологиялық тіркеске айналуындағы басты кажеттілік ретінде Б.А. Ларин “семантикалық баю деп аталатын метафоралану кұбылысын, баскаша айтканда мағынаның баюы мен кеңеюінің нэтижесінде болатын бейнелілікті” атайтын болса [48.175], “бейнеліліктің “сүйегі” тілдік метафорада жатады, метафора дегеніміз сөздердің мағына ауыстырып жұмсалуы [67.97]. Мысалы, ауырдыц асты, женілдін үстімен, ауыз жаласу, тайға танба басқандай, екі езуі екі құлагына жету, ер тоқымын бауырына алу, тамырына балта шабу, т.б. фразеологизмдер эу бастағы тура магыналы еркін тіркестердің метафораланып ауыс мәнде колданылуынан қалыптаскан.
Фразеологизмдердің өне бойы ауыспалы мағына аркалауы оларға тән тұрактылық, тиянактылык, тұтастык, эмоциональді-экспрессивті мэнерлілік сиякты айрыкша касиеттердің бірі [168]. Фразеологизмдерде адамның жан- дұниесінің калтарыс-катпарларына әсер ететіндей, көңіл-күй, сезімді, пейілді, бағалау мен бағамдауды білдіретін эмоциональді-экспрессивті мағыналык элементтер болады. Олар фразеологизмдердегі категориялық сипаттамалык мэнге ие эмоциональді-экспрессивтілік касиетке негіз болады. Үнемі косарласа колданылатын эмоционалдык жэне экспрессивтілік категориялары арасында өзіндік айырмашылықтар жоқ емес. Мәселен, экспрессия эмоционалдыкка карағанда кең ұғым аркалайды және сөздердін ауыспалы мағынасы негізінде калыптасады. Экспрессивті амал-тәсілдер ойды білдірудегі көркемдіктің, суреттіліктің, бейнеліліктің күшейе түсуіне кызмет ететін болса, эмоциональді элементтер адамның сезімін білдіруге қызмет етеді [20.108]. Мысалы, «ашулапу, ыза керпеу» дегенді білдіретін каны басына шапты мен зығырданы қайнады фразеологизмдеріндегі экспрессивтік реңк бірдей емес.
Алдыңғысында тіркес кұрамындағы сездердің, фразеологизмге аркау болған еркін тіркестің тура мағынасының, соның негізінде туындаған метафоралы ауыс мағынаның айкындылығына тікелей қатысты болатын образдағы айқындылық, айшыктылык оның экспессивтік бояуын коюлатып тұр. Зыгырданы қайнау — идиомалық тіркес, оның образы анық, айкын емес, өйткені тіркес кұрамындағы зығырдан сөзі дербестігін жогалтқан, магына жағынан күңгірттенген. Осыған байланысты оның экспессивтік күші қаиы басына шапты фразеологизміне карағанда солғындау.
Ал зыгырданы қайнау фразеологизміне жасалуына негіз болған эу бастағы еркін тіркестің мағынасы мен оның ауыспалы мәнде жұмсалуынан туындаған образды ашу үшін зыгырдан сөзінің төркіні іздестірсек, ол парсы тілінен енген заһардан > заһар-дан, яғни ‘зәһәр, у кұйған ыдыс’, ауыс мағынада ‘өт жолы’ сөзі. Заһарданныц зыгырданга айналуы — казак тілінің дыбыстык жүйесінің кірме сөзді меңгеруіне байланысты: зәһәр сөзі [һ] дыбысының ерекшелігіне байланысты бірде зәр, бірде зыгыр (һ
ы) түріне ауыса береді. Сонда зыгырданның кайнауы қатты ашуланудың, бойды ыза кернеудің арасында ұғымдык та, образдылык та байланыс, үқсастык бар. Бүл процесстің биологиялык түрғыдан да дэлелді екені сөзсіз [26.293].
Қорыта айтканда, фразеологизмдерді тілдік жүйедегі баска да бірліктерден айырып, ажыратып тұратын релеванттык белгілер дегеніміз — үнемі магыналык тұтастықта, тіркестік тиянақтылықта болып келетін, адамның көңіл-күй, ішкі сезім дүниесінің терең катпарларына козгау сала аларлыктай әсерлі, этнос бітімін, ұлт болмысын “образдар галлереясы” іспетті бейнелейтін, сөзбен өрілетін ойды эуезділікпен әдіптей көмкеріп, оған аса бір көркемдік, нактылык, ықшамдылық дарытатын тұракты сөз тіркестерінің төлтума касиеттері деген сөз.
Фразеологизмдерді түр-түрге бөлу — XX гасырдың 40 жылдарынан бастап-ак казак фразеологиясындагы басты мәселелердің бірі болды. Түркітануда, казак тіл білімінде фразеологияның объектісіне жаткызылатын тұракты сөз тіркестерінің түрлері жайлы эр түрлі пікір орын алып келеді. Фразеологтер арасындагы тұрақты сөз тіркестерінің түрлеріне катысты пікір кайшылығы негізінен фразеологияның зерттеу объектісінің шек-шекарасын белгілеуден, яғни тұракты сөз тіркестерін зерттеуді кең жэне тар ұғымда түсінуге байланысты туындайды. І.Кеңесбаев, Ш.Рахматуллаев, Г.Байрамова,
З.Ураксин, Ә.Т.Қайдар, А.А.Юлдашев сияқты белгілі түркологтер фразеологияның зерттеу объектісін фразеологиялык бірліктермен шектеуді колдайтын болса, С.Н.Мұратов, І.Х.Ахунзяновтар күрделі сөздерді, кос сөздерді, газет айдарларын, макал — мәтелдерді, накыл сөздерді тұракты сөз тіркестеріне жаткызады.
І.Кеңесбаев “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің” “Қазак тілінің фразеологизмдері” деп аталатын бөлімінде фразеологизмдерді түрге бөлу мәселесіне кеңінен тоқталды. Ғалым фразеологизм бойындағы магына тұтастыгы, тіркес тиянактылығы, қолдану тиянақтылы сияқты басты үш белгіні негіз ете отырып, казақ тілінің құрамындағы фразеологиялық бірліктерді фразеологиялык түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп екі үлкен топка бөліп, фразелогиялық түйдектерге жаны күйді, ит арқасы қияида, жүрегінін түгі бар, жүрек жұтқан тэрізді лексикалык компоненттердің барлығы жиналып, бір ғана ұғымды түйдегімен білдіретін идиом сипатындағы фразеологизмдерді жаткызды. Ол идиом сипатындағы фразеологизмдердін идиом емес сипаттағы фразеологизмдерден мағынаның тасалану, тасаланбауы, яғни кұрамындағы сөздердің өздерінің тура магыналарын сактауы, сақтамауы жағынан елеулі айырмасы болатынын айтады. “Идиома (фразеологиялык түйдек) ішіндегі сөздер ездерінің бастапкы лексикалык тұрпаты мен семантикалық касиетін жоғалтады да, сырт сикын ғана сақтап калады. Фразеологиялық түйдектің (идиом) беретін магынасы оның сыңарларынан шығатын мағынамен мүлдем байланыспайды” деген тұжырым жасайды,
“жеңіл-желпі тамактанып алу” дегенді білдіретін жүрек жалгады, “өкпелесті”, “араздасып калды” дегенді білдіретін қырги — кабақ болды, “өте тату” дегенді білдіретін тоннын ішкі бауындай фразеологизмдерінің жиынтык фразеологиялык магыналарының тіркестер кұрамындағы жүрек, жалгау, қырги қабақ, тон, іш бау сөздерінің жеке тұрғандағы тура мағыналарынан туып отырмаганын, түйдек сыңарлары тұтастып барып, бір шок жаңа мағына туғызып тұрғанын айтады [31.600]. Ал белін қынай буынды, ата жолын қуды, қан жоса етті дегендерді фразеологиялык тіркеске жатқыза отырып, ғалым фразеологиялык тіркестің фразеологиялық түйдектен айырмашылығы — фразеологиялык тіркес ішінде сөздер (бел, буыну, ата жолы, қан) жеке тұрып білдіретін бастапқы, негізгі мағыналарынан жарым-жартылай айырылатынын айтады.
І.Кеңесбаев фразеологиялық тіркестерді кұрамындағы сыңарлардың о бастагы тура, негізгі мағыналарының көмескі тарту, тартпауына қарай: а) түйін тіркес, мысалы, ернінен енс сүті кеппеген, пышақ кесксндсй тыйылды, өкшесін жалтыратты т.б.; ә) түйіс тіркес, мысалы, қүмырысқадай қүжынаган, козді ашып-жұмганша, қыпша-бел, оймақ ауыз т.б. деп екіге боледі [31.591].
Қазак тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін өз ішінен идиомдык тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлу А.Ысқаков [79.130], М.Балакаев, Т.Қордабаев еңбектерінде де орын алады [11,25].
Профессорлар Ә.Болганбаев пен Ғ.Қалиев орыс ғалымы В.В.Виноградовтың классификациясын негізге ала отырып, қазак фразеологизмдерін фразеологиялык тұтастык, фразеологиялык бірлік, фразеологиялық тізбек деп үш топка жіктейді [35.183].
‘ Фразеологиялық тұтастыққа құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналык жігін ешкендай ажыратуга болмайтын фразеологизмдер жатады. Мысалы: мұрнынан шаншылып жүр; мұрнына су жетпеді; түйені түгімен, биені бүгімен жұтты; аттын жалы, түйенін қомында; бір ұрты май, бір ұрты қан т.б.
Фразеологиялық бірлік әу бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада колданудан пайда болады. Фразеологиялык тұтастықтан айырмашылығы сол, мұнда жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды магына, яғни фразеологиялық мағынаның іжасалуына негіз болган еркін тіркестегі бастапқы лексикалык мағына айқынырақ көрініп тұрады. Мысалы: ит койлекті бұрын тоздырған; ескі жаранын аузын ашты, коз көрмес; құлақ естімес жер, ит байласа тұргысыз Т.б.
Фразеологиялык тізбек те фразеологиялық бірлік сиякты еркін тіркесті ауыспалы магынада колданудан пайда болған. Мұнда тұракты тіркес ^ыңарларының бастапқы лексикалык мағынасы мүлдем жойлмағанымен, күңгірт тарта бастаганы байкалады. Фразеологиялык тізбек еркін тіркесімділік кабілетке ие соз бен жұмсалу кабілеті шектеулікке ие бола бастаған, көбіне Іфразеологиялық байлаулы магынада ғана жұмсалатын сөздердің тіркесінен |ұрады. Мысалы: көк бет, қысыр соз, қасқа жол, қолаң шаш, жуанжұдырық, сояу тіс, қозы жауырын.
Фразеологиялык тізбек кұрамындағы сөздердің бастапкы лексикалык мағыналары анык, айкын болмағынымен, сәл-пәл сезіліп тұратындығымен фразеологизмдердің баска түрлерінен ерекшеленеді. Мысалы: коз корім жср, саусақпсн санарлықтай, козі тірісінде, қамыт аяқ, қалқан құлақ т.б.
Орыс фразеологизмдерін фразеологиялык тұтастык, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлген В.В.Виноградовтың классификациясын жетілдіріп, оған төртінші етіп фразеологиялык сойлемшені коскан Н.М.Шанскийдің топтастыруына [78.27-28] негіздеп, Р.Сәрсенбаев [69], Ө.Айтбаев [7], Г.Смағұлова [70], Н.Уәлиев [76] тэрізді ғалымдар казақ макал-мәтелдерін фразеологиялық тұракты орамдар ретінде фразеологияның кұрамында карастыруды ұсынады. Олар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға катысын сөз еткенде, ең алдымен макал-мәтелдердің калыптаскан, дайын сөз тіркесі екенін, құрамындагы компоненттердің тұрактылыгын, сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай даяр калпында колданылуын, бейнелілігі мен мәнерлілігін, бағалауыштык, экспрессивтік касиеттерін, баска тілге сөзбе-сөз аударуга келмейтіндігін алға тартады. Дегенмен казак тіл білімінде макал-мэтелдерді фразеологиялык бірлік ретінде карастыруға карсы пікірлерде орын алады. Мәселен, профессор М.М.Копыленко мақал-мәтелдер ситуацияға байланысты қолданылып, фразалык магынаға ие болатынына карамастан фразеологияның такырыбы бола алмайтынын, себебі олар халык творчествосының жанры болып табылатынын айтады [33.64]. Академик Ә.Т. Қайдар бүгінгі казақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі — казак паремиологиясын жеке пэн, дербес ғылыми сала ретінде калыптастыру екенін атап көрсете отырып, оның зерттеу объектісіне мақал-мэтелдер мен нақыл сөздерді, қанатты сөздерді жатқызады [34].
Фразеологизмдер сырт тұлғасына, яғни кұрылым-кұрылысына қарай екіге бөлінеді:
- сөйлем құрылымдас фразеологизмдер;
- сөз тіркесі кұрылымдас фразеологизмдер.
Сөйлем кұрылымдас фразеологизмдердің өзін іштей: а) жай сөйлем кұрылымдас; э) кұрмалас сөйлем кұрылымдас деп екіге бөлуге болады. Жай сөйлем кұрылымдас фразеологизмдерге бағы ашылды, көктен іздегсні жерден табылды, ине шаишыр жер жоқ, екі йыгын жұлып жеді, жанып қоярға жер таппады т.б. фразеологизмдер жататын болса, кұрмалас сөйлем кұрылымдас фразеологизмдерге ес біліп, етегін жапты; қаққанда қанын, соққанда солін алды; ай дейтін ажасы, қой дейтін қожасы жоқ; ішср асқа, киер киімгс жарымады; аузын ашып, көзін жұмды т.б. жатады.
Сөз тіркесі кұрылымдас фразеологизмдерді: а) жалан сөз тіркесі кұрылымдас (озек жалғау, жагасына жармасу, ат шаптырым, жарым түн, түн қатып, суық қол, сақалды басымен, тобесі тесік, бүйрск бет, ел аузында т.б.);
- күрделі сөз тіркесі кұрылымдас (аузынан жырып беру, аяғына баспіо, ат кскілін кесісу, жаны ұстараның жүзінде, ойда жоқ жсрде, аяқ-қолын баурына алу, жанын козінс көрсету т.б.) деп екіге бөлуге болады.
Фразеологизмдерді бүлайша кұрылым-кұрылысына қарай жіктеудің өзінде шарттылык бар. Себебі олар синтаксистік тұрғыдан боліп-жаруға келмейтін, тұтасып кеткен, бір бүтін тілдік бірлік болып табылады.
Фразеологизмдердің соз табына қатысы.
Қазақ фразеологиясының теориялык мәселелеріне арналган зерттеулерде көрініс тапкан фразеологизмдерді сөз табына топтастыру туралы пікірлерде негізінен бірізділік байкалады.
Ә.Қайдар, Р.Жайсақовалар фразеологизмдерді сез табына катысына карай 5 топқа бөледі [27, 3]:
- Есімді фразеологизмдер.
- Етістікті фразеологизмдер.
- Одағай түріндегі фразеологизмдер.
- Адвербиальді түрдегі фразеологизмдер.
- Соіі.іеу штампы түріндегі фразеологизмдер.
Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаевтар казақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына катыстылыгы жағынан:
- Етістік мағыналы фразеологизмдер.
- Сындык мағыналы фразеологизмдер.
- Заттык магыналы фразеологизмдер.
- Үстеу мағыналы фразеологизмдер деп төрт топка бөліп карауды ұсынады [35.190-192].
Г. Смағұлова фразеологизмдерді сөз табына катыстылыгына карай 6 топқа жіктейді [70.23-33]:
- Етістік мағыналы фразеологизмдер.
- Есім мағыналы фразеологизмдер.
- Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
- Одагай тұлғалы фразеологизмдер.
- Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалган фразеологизмдер.
- Сөйлеу дағдысында колданылатын фразеологизмдер.
Фразеологизмнің кай сөз табына қатысын аныктауда көбінесе негізгі сөз
бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық жиынтык мағына салыстырылады. Фразеологизмдерді шартты түрде сөз табына топтастыруда олардың семантикалык құрылымы, дәлірек айтканда, фразеологиялык ішкі мағыналық тұтастық межеге алынады, фразеологизмдердің сөйлемдегі аткаратын біртұтас кызметі ескеріледі. Мэселен, жаны мүрнынын ұшыиа келу деген фразеологизмді “қорқу” дегенді білдіретін жиынтык мағынасына карап, етістікке жатқызуға болатындықтан, сөйлем ішінде ол баяндауыш кызметін атқарады. Қас пен көздің арасында фразеологизмі «тез, жьидалГ деген мағынаны білдіретіндіктен, сөйлемде пысыктауыштың кызметін, алақанға қойгандай “аиық, айқыіГ деген сындык ұғымды білдіретіндіктен, сөйлемде акықтауыш кызметінде жұмсалады. Жемеиайдың жер тубі деген фразеологпзм “алыс, оте қашық” дегенді білдіріп, сөйлемде үстеу кызметін аткаратын болса, кіндік кесіп, кір жуған жер “отап, туган жер” деген заттық мағынаны білдіреді. Бұлардың сыртында казак тілінің фразеологиялык корында жиынтык мағынасына қарай дэл кай сөз табына жатқызуға болатынын анықтау киынға согатын демеулік шылаулар мен интонация аркылы жасалған субьективті-модальдік магынадағы коңіл жүйрік пе, көк донеп жүйрік пе?, піыккан мүйзіц қайсы?, тақияца тар кеп түр ма? сияқты фразеологизмдер, бар, жок, емес создерінің көмегімен жасалған сөзінің жаны бар, атарға оғы жоқ,скі туып, бір калганы емес, сөйлеу дагдысына қарай ауызекі тілде колданылатын, сөйлемде кыстырма сөздің орнына жұмсалатын обалы нсшік, ұзын создің кыскаеы, айтып айтпай нс керек, аузыңа май, астыца тан сиякты фразеологизмдер де көптеп кездеседі.
Фразеологиялык омонимия және копмағыналык
Тілдегі жеке дара сөздер аралық карыстылықка тән омонимия және кеп мағыналык кұбылыстары фразеологиялық бірліктер арасында аз да болса кездесіп жатады. Әсіресе фразеологиялық омонимдер өте сирек ұшырасады. ‘Тілші мамандар омоним болу үшін айтылуы бірдей болып келетін жеке сөздердің ғана емес, сырткы тұрпаты бірдей фраземалардың магыналары да, тіптен олардың түп-төркіні де бөлек болуы қажет дегенді айтады [2,592]. Мәселен, “дау-дамайды қоздыра тусу” мағынасындағы отка май кұю образды- метафоралык сипаттағы фразеологизм мен босаға аттап, отка май кұю ырымын жасаған келіннің колтығынан сүйеген абысындарга берілер кэденің атауы отқа май кұяр (салар) образды — номинативті сипаттағы этнографиялық фразеологизм бір-біріне омонимдік қатыста болып келеді. Сол сиякты “репжісті, араздасты, қарым-қатыпастарып уздГ дегенді білдіретін ат құйрмғын (кекілін) кесу мен иесі кайтыс болған мініс атты тұлдау рәсіміне қатысты айтылатын ат кұйрыгын (кекілін) кесу екі баска мағынада жұмсалатын омоним фразеологизмдер болып табылады.
Қазак фразеологизмдері арасында көп магыналық кұбылысы да орын алады. Бұл құбылыс фразеологизмдердің басқа түрлеріне карағанда фразеологиялык тіркестерде молырак кездеседі. Мысалы: Ішкі сарай: а) адамның ішкі органдары; ә) адамныі көңілі, ішкі сыры. Аузымен құс тістеген: а) жүйрік ат, сәйгүлік; ә) сөзге жүйрік ділмар, аскан шешен. Қабырғасы какырады: а) берекесі кетті, быт-шыт болды; э) қатты қайғырды.
Қазақ тілінің фразеологиялык казынасында білдіретін фразеологиялық жиынтык мағынасы жағынан бір-біріне синонимдік қатыста болып келетін фразеологизмдер көптеп кездеседі. Синоним фразеологизмдерде мағыналык жуыктык болғанымен, кұрылым-құрылыс, компоненттік кұрам, яғни тұрпат тұрғысынан алғанда еш жуықтық болмайды. Мысалы: жүрсгі тас тобссінс шыкты, зәрссі ұшты, иманы касым болды, төбе шашы тік тұрды деген фразеологизмдер “іиошыды, қорықты» деген жиынтық мағына төнірегінде топталады да, өзара синонимдік катар құрайды.
Қазак тіліндегі мағыналас фразеологизмдердің семантикасын, прагматикасын, кұрылымын, кұрамын, стильдік ерекшеліктерін арнайы зерттеген професор Г.Смагұлова оларда ұлт мәдениетінің езіндік ерекшелігі, ұлттьщ ментальдық өре айрықша көрініс табатынын айтады [21].
Синоним фразеологизмдер қолданыс ыңгайына карай эмоциональді- экспрессивтік тұргыдан семантика-стилистикалык сатылық деңгейде жұмсалады. Фразеологизмдерде бағалау, сипаттау, суреттеу, бейнелеу касиеті жеке сөздерге карағанда жоғары болады да, эмоцияның сан қырлы спектрлерін лексикалык синонимдер тап басып жеткізе алмаған жағдайда, сөйлеуші бейнелі тіркестерді, соның ішінде фразеологизмнің синонимдік катарынан экспрессивтік бояуы ең күштісін таңдайды. Мәселен, косып айтты дегенде эвфемистік сыпайлау реңкі болса, аузы мұрны қисаймай, беті бүлк етпей — ауызекі сөйлеу тіліне тэн фразеологиялық синонимдер. Сөзі аяқ асты болу, сөзін бит шаққан кұрлы көрмеу синоним фразеологизмдері де экспрессивтік бояу тұрғысынан ерекшеленеді. Сөзі аяқ асты болу дегенде немкұрайлылык, елемеушілік реңкі басым болса, созін бит шаққан құрлы кормеу фразеологизміне «мүлдем тыңдамау» деген семантикалык-стилистикалық бояу тэн.
Мағыналас фразеологизмдердің синонимдік катарының ішкі семантикалык мүмкіншілігінің тереңдігі ұлттык — мәдени ұғымға, түсінікке тәуелді болады. Бұл образдылыктың күшею сатысынан көрінеді. Мысалы, өте ысаяк ку адам касиетін беруде алпыс екі айлалы, жыланның аягын көрген, кара судан каймақ алған, тақыр жерден шөп өсіретін, су жұкпас, кулығына кұрык бойламайтын, Сырдан сыңар аяк өткен сияқты бейнелі фразеологизмдер колданылады. Синонимдік қатар кұрамындағы мағыналык реңк
фразеологизмдердің жасалуына негіз болған образдарга, фразеологизмнің ішкі формасына байланысты болады. Образдар каншалыкты бай, сан түрлі болса, фразеологиялық синонимдер де соншалықты суретті болмак [71.36].
Фразеологизмдер мағына жакындыгына қарай синоним болып жұмсалатыны сиякты, карама-карсы мэнде колданылуына карай өзара антонимдік катыстылыкта да болып келеді. Қазақ тілінде фразеологиялык антонимдердің екі түрі орын алады:
- фразеологизм кұрамындағы компоненттердің баска сөзбен алмастырылуына негізделген фразеологиялык антонимдер. Мысалы: бетінен оты шықты — беті бүлк етпеді; ер жүрек — қоян жұрек; сыр алдырды — сыр бермеді, бақ қонды — бағы тайды т.б.
- Компоненттік кұрамында еш жакындық жок, тек фразеологиялық жалпы мағына тұрғысынан антонимдік жұп түзетін фразеологизмдер. Мысалы: отымен кіріп, күлімен шықты — бұта басын сындырмады; ауыз жаласты — ат құйрығын кесісті; айы онынан шықты — жолы болмады; күрсң қабақ болысты- араларынан қыл өтпеді т.б.
Фразеологиялық жиынтык мағынаға еш әсер етпейтін кұрам-кұрылыстағы азды-көпті дыбыстык, морфологиялық өзгешеліктер немесе кейбір сыңарлардың семантикалық өрістес сөздермен алмастырылуы фразеологиялық варианттылықты тудырады.
Қазак тілінде варианттылыктың мынадай үш түрі бар:
- лексикалык варианттылык, 2) фонетикалык варианттылык, 3) морфологиялык варианттылык.
Лексикалык варианттылык үшін бірдей мағынаны білдіретін бірнеше фразеологизмдердің лексикалык кұрамының өте үксас болуы, мұнда компоненттер арасында магына жақындығы сақталуы кажет. Мысалы: жүзін жылыту/ түсін жылыту/онін жылыту, ала жібін алмау/ ала жібін аттамау, бой тасалау/ бой жасыру, он сапар тілеу/ сәт сапар тілеу, адам шошырлық/ жан іпошырлык, иманы қашу / имны қалмау/ иманы ұшу .
Морфологиялык варианттылық фразеологизмдердін морфологиялық кұрылымына, яғни мән-магынасы, лексикалық кұрамы бірдей болып келетін фразеологизмдердің сыңарларында морфологиялық тұлға тұрғысынан алғанда азды-копті ерекшеліктердің кездесуіне байланысты болады. Мысалы: олмсс күнін көру/ олместің күнін көру, бөгет болу/ бөгесін болу, козге ілмеу/козіне ілмеу, азар болса/ азар болганда т.б.
Фонетикалык варианттылык фразеологизм кұрамындағы сөздердің дыбыстык өзгешеліктермен колданылуына катысты болады. Мысалы: емешесі құру/ емесесі құру, риза болу/ ыразы болу, ай дейтін ажа, қой дсйтін қожа жоқ/ әй дсйтін әже, қой дейтін қожа жок, пешенесіне жазган/бсшснссіне жазылган т.б.
Фразеологиялык варианттылық тілдің синхронды жэне диахронды дамуы арасын үзбей, алшақтатпай байланыстыруға қызмет ететін, тілдік норманын калыптасуына ықпалын тигізетін тарихи тілдік кұбылыс болып табылады [70.34-38].
Фразеологизмдердін ішкі құрылымы
Фразеологизмдер — тіл иесі халықтың (этностың) күллі дүние-галам жайлы ұғым-түсініктерінің, өзін коршаған шындық болмысты тұтастай кабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл — тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, ягни дүниенің тілдік суретін жасауға катысатын әсем де әсерлі сөз өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті — белгілі бір халыктың гасырлар бойы жинактаған ұлттык-мэдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халык сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі. Міне, осы тұрғыдан алганда, фразеологизмдер халыктың тұрмыс-тіршілігінің сан алуан кырын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын, эпикалык сана-сезімін, наным-сенімін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын т.б. толыктай танытатын тұракты тілдік орамдар болып табылады. Фразеологизмдердің семантикасы негізінен адамды және оның іс әрекетін сипаттауға багытталатындыктан, олар катыскан галамның тілдік бейнесінде антропоцентрлік касиет болмай коймайды.
Фразеологизмдердің образдылығында, метафоралы ауыспалы магынада қолданылуында, компоненттер құрамында, жалпы ұғымдык тұтастығында халыктың сан-ғасырлық іс-тэжірибесінің, рухани бітім-болмысының белгілерін жинақтаған ішкі құрылым болады. Бұл ішкі құрылымның пайда болуы туралы В.А.Маслова былай дейді: “Ең алдымен фразеологизмнің негізінде жаткан еркін тіркестің тура мағынасына сэйкес келетін қандай да бір жагдаят пайда болады. Оған мэн беріледі, магына жүктеледі, мазмұн бекіледі. Осы мэн, магына, мазмұн келесі бір ұғым-түсінікті білдіру үшін кайыра ой сүзгішінен өтіп, тура магыналы еркін тіркес ауыс магынада колданыла бастайды, яғни о бастағы нақты жағдаятты білдірген еркін сөз тіркесі кұрамындағы сөздердің алғашкы, біріншілік мағыналарына негізделіп фразеологизмнің образы калыптасады. Алғашқы, бірінші мағына ауыс мағынада колданылатын фразеологизмнің бойынан мүлдем жойылып кетпейді, кайтсе де образда өз ізін қалдырады. Осылайша фразеологизмнің ішкі құрылымы түзіледі. Ішкі құрылымды мәдени ақпараттар көзі деуге болады, өйткені онда мәдениет калдыратын “іздер” — мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи окиғалар мен материалдық мәдениетгің элементтері сақталады” [52,82]. Мысалы, “біреуге жарамсақтапды» дегенді білдіретін шашбауын котерді, сойылын соқты, жыртысын жыртты сияқты фразеологизмдер кұрамындагы “шашбау”, “жыртыс”, “сойыл” қазактың дәстүрлі тұрмыстык мәдениетінде бар дүниеліктер.
Фразеологизмдердің ішкі құрылымын гылыми тұрғыдан талдау ісі тілдік бірліктердің пайда болуының жалпы заңдылықтарын ойлау, тіл, шындык болмыспен катыстыкта түсіндіретін номинация (бір нәрсеге ат кою, атау беру) теориясымен ұштастырылады. Зат пен кұбылыска атау берудің тілден тыс себептерін ашып көрсетуді, атауга негіз болған заттың, кұбылыстың басты қасиет-белгісін анықтауды максат ететін номинацияда атау берудің екі түрі көрсетіледі: 1) алгашкы атау, 2) кейінгі атау.
Тілдегі эрбір фразеологизм ыкшам да нақты, әсем де әсерлі етіп өрілген сөз өрнегі ғана емес, белгілі бір ұгым- түсінікке берілген суреттемелі, бейнелі атау. Оның бойында атау берудің екі дәрежесі де тогысып жатады. Фразеологизмнің түп негізінде жатқан еркін тіркес лексикологиялык деңгейдегі алғашқы атау болады, себебі ол кандай да бір жагдаятты, кұбылысты жай ғана сипаттайды, хабарлайды, мәлімдейді, баяндайды. Еркін тіркестің тура мағынасы фразеологизмнің фондык мағынасы деп аталады. Ал еркін тіркестің тура магынасы аркалаган ұғым-түсініктің этностың танымдык әрекеті барысында келесі бір ұгымға, түсінікке телінуінің нәтижесінде пайда болып, фразеологиялық деңгейде тұрақталып, тиянақталатын екінші бір ұғым- түсініктің бейнелі атауы — фразеологиялык бірлік кейінгі атау болып табылады.
Алгашкы атау мен кейінгі атау арасын, яғни эу бастағы тура мағыналы еркін тіркес пен оның негізінде пайда болган тұракты тіркес арасын адам- коғам-табиғат, табиғат-түлік-адам, адам-кеңістік — уакыт сиякты үштіктердің мүше аралық карым-катынастарынан туындайтын ассоциация жалғайды. Ассоциативті параллельдердің тууына түрткі болатын, өзара салыстырылушы, салғастырылушы заттардың, кұбылыстардың, эрекеттердің т.б. кай-кайсысына да ортак айрықша белгі-нышан фразеологизмнің уэждік негізі деп аталады. Уэждік негіз бір кұбылыс пен екінші кұбылысты, бір іс-әрекетті екінші іс- әрекетті, бір затка тэн касиетті екінші бір нәрсеге тән касиетпен өзара ұксатуға, балауға, теңеуге, телуге аркау болып, олардың бірі аркылы екіншісін сипаттап, бағалап, олшеп, салмактап, парықтап, пайымдап, тануга, суреттеп атауга негіз болады. Мысалы: төрт түлік мал ішінде койдан жуас мал болмантынын бағамдаган атам казак момын, жуас адам жайлы койдан коңыр, кой аузынан шөп алмас сиякты бейнелі фразеологизмдер жасады. Түк бітірмей, боска сандалган адам туралы айтылатын шошка тағалау фразеологизміндегі бейнелі ауыспалылыктың өзегі шошка тагалаудың қазақ тіршілігіне жат әрекет екенінде.
Бір зат, кұбылыс, әрекет, кимыл т.б. аркылы екінші бір затты, кұбылысты, әрекетті, қимылды, оның орындалу амалын т.б. салыстыра тану үшін, таныганын атау үшін, яғни екінші дәрежелі атау туындауы үшін алғашкы заттың, кұбылыстың, кимыл-әрекеттің нақгы бейнесі, суреті ой елегінен өткізіледі. Ол сурет екінші дәрежелі атау бойында бейне (образ) калыптастырады. Сондықган о бастағы еркін тіркес арқалаган заттың, кұбылыстың, іс-кимылдың нақгы бейнесі, тіршіліктегі дағдылы корініс, етене таныс сурет фразеологизмнің образдық негізі болады.
Ал фразеологизм аркалаған көркем бейне (образ) — айнала шындық болмыстың өзінен, яғни табиғат, өмір, коғам тіршілігінен алынған, тіл иесіне етене таныс суреттің ой елегінен кайыра өткізілген елесі, бейнелі ойлаудың нәтижесіндегі “бейненің бейнесі” [61.147]. Фразеологиялық типтегі соз тіркестерінде тұрақталып, тілдік тұрпат алатын кез келген бейне (образ) нақгы реалийлермен тығыз байланыста болады және белгілі бір өмірлік жағдаятты мензейді. Егер тіл өкіліне тілдік орамның материалдык негізі (фразеологизмнің лексикалық кұрамы) түсінікті болса, әрі оны тудырган жағдаят белгілі болса, тілдік орам (фразеологиялық бірлік) айрыкша бейнелі, образды болып көрінеді, ал керісінше болса, тілдік орам тіл өкілі үшін идиома болып калады [50.121]. Мысалы, ләм-мим демеді, сагы сынды, жауырды жаба тоқыды, сап ете қалды, кежегесі кейін тартты, т.б. идиомалар кұрамындағы ләм-мим, сақ, жаба тоқу, сап, кежеге сиякты сездердің мағыналарының күнгірттенуінен тұрақгы тіркес аркалаған бейне айқындылығын жойған.
Фразеологизм аркалаған образ неғұрлым айкын болған сайын, фразеологиялык бірліктің идеялык мазмұнының айкындылығы, айшыктылығы, экспрессивті-эмоциональді күші, нысанаға дөп тиер өткірлігі соғұрлым арта түседі.
Теңеу, айшықгы анықтауыштар, метафора, метонимия, гипербола, ассонанс, аллитерация сиякты көркемдеуіш-бейнелеуіш амал-кұралдар аркылы образдар әдіптеледі, көмкеріледі, көркем тұрпатка ие болады.
Фондық мағына, уэждік негіз, образдык негіз, образ, фразеологиялық жиынтык мағына — фразеологизмнің кабат-каттауларында орын тепкен мазмұндык компоненттер болып табылады. Олар тұтасып келіп, фразеологизмнің акпараттык ішкі кұрылымын кұрайды. Ал ішкі құрылымның өзі, сайып келгенде, фондык негізден өрбиді, тамырланады.
Фразеологизмнің фондық негізінде тіл иесі халыктың дүниені тұтастай немесе мүшелей тануы мен кабылдауының концептуальді ( 0
Источник статьи: http://kazaksha.info/%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80/%D1%84%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F/